ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің басшылары кездесті

Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Сапарұлы Өтегенов Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы Әсет Сатыбалдыұлы Әкімжановпен кездесті.
Бұл кездесудің мақсаты-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың тиімді жүйесін құру және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ТЖ мен оқиғалардың туындау қатері немесе туындауы туралы жедел ақпаратты қамтамасыз ету.
Әңгімелесу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы төтенше жағдайлар бойынша ақпарат алмасу және оны уақтылы беру мәселелері талқыланды. ҚР ТЖ министрі Ю.В. Ильннің тапсырмасын орындау шеңберінде жедел ақпаратты ұсыну бойынша ақпаратты беру және алмасу, бірыңғай үйлестіру туралы бірқатар шешімдер қабылданды. Сонымен қатар ТЖ ақпаратын дереу беру бойынша нормативтік құжаттармен, атап айтқанда табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ мемлекеттік есебін жүзеге асыру қағидаларымен таныстырды.
Павлодар облысы ТЖ департаменті