Қостанайда пиротехниканы сату орындары бойынша рейдтер жалғасуда

Қостанайда пиротехниканы сату орындары бойынша рейдтер жалғасуда

Қостанай облысының аумағында жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау бойынша жаңа жылдық рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласының аумағында орналасқан базарлардың аумағында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

2020 жылғы 22 желтоқсанда рейдтер барысында тұрғындар арасында пиротехникалық құралдарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ТЖД, ПД, МАО қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері медициналық маскаларды беру бойынша акция өткізді. Профилактикалық іс-шаралармен 10 сауда орны қамтылды, сатушылармен нұсқаулықтар ұйымдастырылды, пиротехникалық бұйымдар, сәйкестік сертификаттары, өрт сөндіргіштердің жарамдылығы тексерілді. Рейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бүгінгі күні 14 рейд жүргізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 556 нұсқаулық өткізілді, 3 367 профилактикалық жадынама берілді.

Естеріңізге сала кетейік, пиротехниканы лицензия болған жағдайда ғана сатуға болады, әйтпесе ҚР ӘҚБтК-нің «тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады. Материал қарау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі.

Мұндай құқық бұзушылық үшін 25 АЕК, яғни 69 450 теңге айыппұл қарастырылған. Азаматтар арасында жарақаттану фактілерін болдырмау үшін Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті пиротехникалық өнімді міндетті түрде пиротехникалық өнімге лицензия мен сертификат бере отырып, оны сату үшін арнайы бөлінген орындарда ғана сатып алуды ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысының аумағында бүгінгі күні пиротехниканы іске асыру бойынша екі сертификатталған өнім беруші жұмыс істейді.

 

Қостанай облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы