Алматы облысының құтқарушылары «Үшарал-Достық» автожолында азаматтарға көмек көрсетті

Алматы облысының құтқарушылары «Үшарал-Достық» автожолында азаматтарға көмек көрсетті

22 желтоқсан күні Алматы облысының құтқарушыларына Алматы облысының Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолының 110 шақырымында Ырғайты өзенінің маңында «ГАЗ-66» автокөлігі бұзылғаны, оның жолаушылары үшін эвакуация қажет деген хабарлама түсті.

Облыстық ТЖД Алакөл өңірінің Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күші (3 қызметкер және 1 бірлік вахтовка техникасы) оқиға орнына барып, аталған автокөліктен 6 адамды эвакуациялады. Эвакуацияланғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.

Алматы облысының ТЖД алыс жолға шығар алдында:
- автокөліктің техникалық жағдайын тексеруге;

- ауа райы болжамымен танысуға;

- төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алуға кеңес береді.


                                                                 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі