Алматы облысының құтқарушылары алты балықшыны құтқарды

Алматы облысының құтқарушылары алты балықшыны құтқарды

2020 жылдың 21 желтоқсанында Алматы облысының құтқарушылары Алакөл көлінде, Ұзынбұлақ учаскесінде 6 балықшыны құтқарып, жағаға жеткізді.

Алты балықшы қысқы балық аулау кезінде екі автокөлікпен жұқа мұзға шығып кеткен екен, біраз уақыттан кейін мұз жарылып, салдарынан бір көлік мұздың астына түсіп, батып кетті.

Мұз үстінде қалған алты адам жұқа мұздын үстімен өздігінен қозғала алмады (бұл учаскесіндегі мұздың қалыңдығы 10-15 см).

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.
Құтқару операциясына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 жүзу құралы және 1бірлік техникасы жұмылдырылды.

Мұздағы сақтық шаралары мен жүріс-тұрыс ережелері:

* Жұқа және қатпаған мұзға шығуға болмайды.

* Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.

* Мұзға тәуліктің қараңғы уақытында, нашар көрінгенде (тұман, қар, жаңбыр) және мас күйінде шығуға болмайды.

* Жұқа, жарылған мұзда қалсаңыз абайлап кері бұрылу және жағаға келген жол бойынша сырғымалы қадамдармен қайту керек.

* Мұзды суға түскен адам 10-15 минуттан кейін үсіп, 20 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін екенін білу керек.

Мұздың қауіпсіз қалыңдығы:

Бір адам үшін кемінде 8 см.

Адамдар тобы үшін кемінде 15 см.

Автокөлік үшін кемінде 30 см.

Мұздың беріктігін көзбен шолып анықтауға болады:

1.Көк түсті мұз-берік;

2.Ақ түсті-беріктігі 2 есе аз;

3.Сұр және күңгірт ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімді емес.

                            

  Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі