
2020 жылғы желтоқсан айының мейрам күндерінде ТЖМ Апаттар медицина орталығы Ақтөбе облысы бойынша филиалының психологы облыстық ТЖД, «ӨС және АҚЖ»ММ, «ЖҚЖ» психологтарымен бірлесіп зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатында өрт оқиғаларына шықты.
Барлық зардап шеккендер эвакуация пункттеріне (монша, кунг, автобус, көрші үйдегі пәтер) орналастырылды. Олардың көпшілігі уақытша баспанасыз қалды, кейбіреулерінің үй жануарлары мен құжаттары пәтерде қалған болатын. Психологтардың жұмысы зардап шеккендердің психикалық күйін қалыпқа келтіру болып табылады. Зардап шеккендерде мынадай жағдайлар байқалды: жылау, агрессия, қорқыныш, есіру, нервтік діріл, кінә сезімі.
Қысқа мерзімді психотерапия әдістері қолданылды: эмпатиялық, белсенді және пассивті тыңдау әдістері, дене-қозғалыс терапиясы, өзін-өзі реттеу әдістері: «Тыныштандыру тыныс алуы», «Босаңсыту тыныс алуы» тыныс алу гимнастикасы, отыру позасындағы аутогенді жаттығу.
Агрессия таныту кезінде зардап шегушіні қоршаған ортадан оқшаулап, оған «іштегі ашу-ызаны шығару» әдісі қолданылды, яғни сөйлеу арқылы босатуға мүмкіндік берілді, содан соң өрттің зардаптарын азайтуға өрт сөндірушілер тарапынан қандай жұмыс түрлері жүргізіліп жатқандығы айтылып түсіндірме түрінде әңгімелесу әдісі жүргізілді, зардап шегушінің жағдайы бірте-бірте қалыпқа келтіріле бастады.
Қорқыныш реакциясы кезінде өзін-өзі реттеу, тыныс алуды қалыпқа келтіру, белсенді және эмпатиялық тыңдау, дене-қозғалыс терапиясы.
Нервтік діріл кезінде бұл күйдің өз бетінше өтіп кетуіне мүмкіндік берілді, яғни жағдайды күшейтіп немесе әлсіретіп алмау үшін психолог оның жанында болып, әңгімелесуді жалғастырды, содан соң жағдай қалыпқа келді.
Жылау кезінде зардап шегушімен физикалық байланыс орнатылып (қолдарынан ұстау, иыққа қолын қою) белсенді тыңдау әдісі қолданылды, ішіндегі күйді шығаруға, жылауға мүмкіндік берілді, содан соң жағдайы қалыпқа келіп, онымен сөйлесуге, оған қажетті мағлұмат беруге мүмкіндік туды.
Есіру кезінде зардап шегуші оқшауланды, психолог оған аз мөлшерде су шашу арқылы күтпеген жерден әрекет жасады. Содан соң зардап шегуші өз-өзіне келе бастады, психологқа онымен байланыс орнатып, демалыс бөлмесіне шығарып салды.
Балалармен жұмыс кезінде ойын, тренингтік жаттығулар қолданылды: «Малекулалар және атом», «Сиам егіздері», «Саңырау телефон», «Крокодил», «Қырықаяқ», «Шатасу».
Жасөспірім балалармен вербалды әдістер қолданылды. Сонымен қатар эмоционалды қысымды түсіру бойынша, мазасыздықты, қорқынышты, және басқа жағымсыз қайғыруларды және эмоционалды күйлерді, өз-өзін бағалауды жоғарылату, өз-өзіне сенімділік, қарым-қатынас орнату кезіндегі қиыншылықтарды өткеру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде зардап шеккендердің жағдайы қалыпқа келіп, психоэмоционалды қысым бәсеңдетілді. Барлығы 22 (оның 14 бала) зардап шеккенге шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
ҚР ТЖМ АМО
Ақтөбе облысы бойынша филиалының
психологы Г.А.Давлетова