Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлері Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен наградталды

Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлері Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен наградталды

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарымен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері Амантай Айткенұлы Молғаждаров, Григорий Владимирович Темный, Келден Есенұлы Әбдірахманов, Мұқатай Смағұлұлы Есентаев және Дәурен Төлегенұлы Данаев наградталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттарды қызмет ардагерлеріне салтанатты түрде Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильин табыстады.

Ардагерлердің өмірлік және іс жүзіндегі тәжірибелері Министрлік үшін баға жетпес. Олар бірнеше буын өз ісінің мамандарын, өрт сөндіру-қолданбалы спорт шеберлерін тәрбиеледі. Бүгінде наградталған ардагерлер азаматтық қорғау органдарының жас ұрпағын патриоттық, құқықтық және ұлтаралық тәрбиелеуге белсенді түрде қатысуда. Көкшетау техникалық институтының курсанттарына, жас әскери қызметшілерге, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға кәсібилік, жанқиярлық және өз Отанын-Қазақстан Республикасын сүюге тәрбиелеуге қатысады.

«Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қалалық және облыстық филиалдарында Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне қызмет ардагерлерін марапаттау рәсімдері болып өтті.

Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын мерекелеу жылында қызмет ардагерлеріне «Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарына 25 жыл» естелік төсбелгілері табысталды.

Павлодар облысында естелік төсбелгісімен төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органның бірінші басшысы отставкадағы полковник Болат Құсайынұлы Сержанов наградталды.  

Б.Қ. Сержанов 32 жыл қызметінде 1991 жылы Павлодар облысы Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болып тағайындалды. Әскери міндетін мүлтіксіз орындағаны үшін «Знак Почёта», «Красной Звезды», «За службу Родине в Вооруженных Силах СССР» ордендерімен, «Ветеран Афганской войны» естелік орденімен  17 медалімен наградталған. 

Қызмет ардагерлері Министрліктің белсенді көмекшілері болып табылады, олар жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беруде, азаматтық сезімдерді қалыптастыруда, Отанды төтенше жағдайлардан қорғауға дайындауда маңызы зор. 

 

«Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі