Ақмола облысы Жарқайың ауданында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Ақмола облысы Жарқайың ауданында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша Ақмола облысы Жарқайың ауданының Тасты-Талды ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, ол 744 адам халқы бар Тасты-Талды ауылын және 892 жалпы адам саны бар 3 елді мекенді, сондай-ақ дала алқаптарын өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.

Дайындық іс-шаралары кезеңінде аудандық бюджеттен өрт сөндіру бекетінің ғимаратын, өрт сөндіру автомобилін жөндеуге, өрт-техникалық қару-жарақ сатып алуға және жеке құрамды ұстауға 5 900 000 теңге бөлінді.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз тарапынан өрт сөндіру бекетіне АЦ-40(130) 63б автокөлігін тапсырды.

Өрт сөндіру бекетінің ашылуына Жарқайың ауданы әкімінің м.а.                  Д.К.Сыздықов, Ақмола облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қ. Шапағатов, Жарқайың ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.С. Бейсембаев және Жаңадала ауылдық округінің әкімі К.И. Хамзин қатысты.

Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражмен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Жарақтандыруда өрт сөндіру автомобилі бар, сондай-ақ тәуліктік жауынгерлік кезекшілікке ауыл тұрғындары қатарынан 4 адамнан тұратын бекеттің жеке құрамы кезекшілікке түсті. Жеке құраммен Державинск қ. 12-ӨСБ базасында оқыту жүргізілді.

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы аудан тұрғындары үшін техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілі болатыны сөзсіз.

 

 

Ақмола облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы