Шымкентте Бадам және Тоғыс су қоймаларында профилактикалық рейдтер өткізілді

Шымкентте Бадам және Тоғыс су қоймаларында  профилактикалық рейдтер өткізілді

Қыстың келуі мен және су айдындарында суық ауарайының басталуымен мұз жамылғысының қалыптасуы байқалады.  Бұл кезде оның бетіне шығу өте қауіпті. Алайда, жыл сайын көптеген адамдар сақтық шараларын елемейді және жұқа мұзға шығады, осылайша олардың өміріне қауіп төнеді.

Қаланың су объектілерінде қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында және «Абайлаңыз, жұқа мұз!» республикалық акция аясында Бадам және Тоғыс су қоймаларында профилактикалық рейдтер жүргізілді.

Шымкент қаласының аумағы арқылы Сайрам-су, Бадам, Қошқар-ата, Қарасу, Жаңа-шек, Жаңа-бай, Ақсай-Қарабастау, Шапырашты, Өтеміс, Янгибай, Бозарық, Қызыл су, Улух, Мешіт, Ханка, Чинат-2, Улух-2 , Шымкент, Компыс, Тоғыз, Сасық өзендері және Бадам магистралды каналы ағады. 4 су қоймасы және 30-дан астам каналы бар.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қаланың барлық су айдындарында «Абайлаңыз,жұқа мұз!» және «Мұзға шығуға тыйым салынады!» алдын алу және тыйым салу белгілерін орнатуда. Қалалық білім басқармасының қолдауымен онлайн-режимде қысқы кезеңдегі ТЖ алдын алу, сондай-ақ үсік шалған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша интерактивті сабақтар онлайн-режимінде өткізеді.

Рейд барысында ТЖ жою бөлімінің мамандары, жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары қысқы балық аулауды ұнатушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізді, шұғыл қызметтердің телефондары мен жадынамалар табыстады, қыста қай жерде балық аулауға болатынын айтып берді. Қыс кезеңінің басынан 2020 жылдың 30 рейд жүргізілді, аңшылық және балық аулау дүкендерінде 200-ден астам жадынамалар мен брошюралар таратылды, келушілермен және дүкен әкімшілігімен 30-дан астам әңгіме өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Шымкент қаласында 2019 жылы қыс мезгілінде және 2020 жылдың қазан айынан бастап жазатайым оқиғалар тіркелмеген.  

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бірнеше ережелерді есте сақтау қажет.

Адам үшін тұщы суда мұздың қалыңдығы кемінде 10 см және тұзды суда 15 см қауіпсіз деп саналады. Өзен сағалары мен арналарда мұздың беріктігі әлсіз. Мұздың қалыңдығын көзбен өлшеу қиын, сондықтан мұздың түсі көк болғаны ең берік екенін, ал күңгірт ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімсіз екенін есте ұстаған жөн. Мұз тез ағатын, бұлақтары және ағынды сулар болатын жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аудандарда, ағаштарға, бұталарға, қамыстарға жақын жерлерде берік болмайды. Қысқы балық аулауға шыққан әр балықшының өзімен бірге 15 метрлік арқан болуы керек, егер ол мұз астына түсіп кетсе, оны қауіпсіз шығарып алуға болады.

Шымкент қаласының ТЖД азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ оларға күн сайын мұзда болу өте қауіпті екенін, әсіресе ойын ұйымдастыруға болмайтындығын ескертуге кеңес береді.

 

         Шымкент қаласы ТЖД

қоғаммен байланыс тобы