Таудан табылған ер адам қайтыс болды

Таудан табылған ер адам қайтыс болды

Құтқарушылар зардап шеккен адамды тапқан сәттен бастап, жедел медициналық жәрдемге табыс еткенген дейінгі тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты құрады.

Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр  болған.

Сағат 20.45-те Республикалық жедел - құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталыының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі