Алматы облысында өрт кезінде 4 адам қаза болды

Алматы облысында өрт кезінде 4 адам қаза болды

2020 жылдың 13 желтоқсанында сағат 05.40-та Алматы облысының ТЖД-ға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта  жеткен кезде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысы толықтай отқа оранған.

Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның мәйіті  табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт сағат 06. 09- да ауыздықталып, сағат 06. 45-те сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Тұрғын үйде өрт болдырмау үшін мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береміз:

- электр сымдарының жарамдылығын бақылаңыз;

- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде, жанбайтын тұғырықтарда перделерден және жиһаздардан алыс ұстаңыз;

- бір желіге бірнеше жоғары қуатты электр аспаптарын қосуға болмайды, бұл электр желісіне қосымша салмақ береді;

- кірді кептіру үшін жылытқыштарды пайдаланбаңыз;

- үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдаланбаңыз;

- үйден шыққанда немесе ұйықтар алдында пештің, газ бен электр жабдықтарының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;

- жылыту пештерін уақтылы жөндеңіз, түтіндіктерді күйеден тазартыңыз;

- сіріңкелер мен тұтандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- төсекте темекі шегуге болмайды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі