
2020 жылғы 12 желтоқсанда сағат 00.17-де 101 пультіне Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Қабырғалары балшықтан тұрғызылған, төбесі екі қатар ағаш шатырмен жабылған үй толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенге дейін зейнеттегі өрт сөндіруші Мұрат Баев атты азамат 1977 және 2016 жылдары туған екі адамды құтқарды. Оқиға орнында улы газбен уланған екі адам да ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Сондай-ақ оқиға орнында 1953 және 2012 жылдары туған екі адамның мәйіті табылды.
Өрт сөндірушілер 27 литр газ баллонын оқиға орнынан алып шықты.
Қызыл жалын сағат 01.38-де сөндірілді. Көлемі 80 шаршы метрді құрады. Қайғылы оқиғаның шығу себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖ және полиция департаменттерінің 21 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі