Павлодар облысында мұз асты балық аулау орындары бойынша баспасөз туры өтті

Павлодар облысында мұз асты балық аулау орындары бойынша баспасөз туры өтті

«Мұздағы қауіпсіздік» акциясы аясында павлодарлық құтқарушылар мұз асты балық аулау әуесқойларының орыналасқан жерлерінде баспасөз турын өткізді. Бұл акцияның мақсаты қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру болып табылады.

Баспасөз туры мұз асты балық аулау әуесқойлары жаппай жиналатын бес жерде 87 адамды қамти отырып, жеке нұсқамалар өткізіліп, кейіннен жадынамалар таратылып өткізілді. Акцияның бір орны қысқы кезеңдегі қауіпсіздік жадынамаларын таратуға көмектескен балық аулау құралдары дүкені болды.

Усолка өзенінің мұзындағы № 7 құтқару бөлімшесінің ауданындағы баспасөз туры барысында «24 kz» және «Ertis» телеарналарының тілшілеріне «Қызыл Жарты Ай» және «Vita» еріктілері өз жұмыстарын көрсетті. Еріктілер құтқарушыларға нұсқамалар өткізуге және жадынамаларды таратуға көмек көрсетті, сонымен қатар тонған кездегі алғашқы көмек көрсетті. Іс-шараға барлығы 22 адам қатысты.

2020 жылдың күзгі-қысқы кезеңінің басынан 1242 адамды қамтумен 1913 рейдтік іс-шара өткізілді. Павлодар облысы ТЖ департаменті мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары: ысқырық, құтқару шильцасы, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр жіп, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон болған кезде жол беріледі. Мұз астынан балық аулау кезінде: шектеулі алаңда екіден артық тесік тесуге, от жағуға жол берілмейді.

 

Павлодар облысы ТЖ департаменті