2020 жылғы 8 желтоқсанда бейнеконференциялық байланыс режимінде 28 елдің қатысуымен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының ХХІ халықаралық конференциясы өтті.
Күн тәртібінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының 2020 жылғы жұмысының нәтижелері қаралып, дүниежүзілік пандемия жағдайында өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды.
Бір ауыздан дауыс беру арқылы халықаралық спорт клубына екі жаңа қатысушы – Катар мемлекеті және Сирия Араб Республикасы қабылданды.
Қазақстан тарапынан 2021 жылы Қарағанды қаласында өтетін Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатын өткізуге дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин баяндама жасады.
Өз сөзінде Ю.В. Ильин әлем біріншілігін ұйымдастыру шеңберінде Қазақстанның қабылдап жатқан шаралары туралы, соның ішінде спорттық жабдықтар мен құрал-жабдықтар сатып алу туралы, Қарағанды қаласындағы «Шахтер» орталық стадионын қайта құрудың аяқталғаны және басқа да маңызды мәселелерді шешу туралы хабарлады.
Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша келесі 2021-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспарларын қоса алғанда, бірқатар құжаттар бекітілді, бұл ретте қолайлы эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда алдағы әлем чемпионаты 2021 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі