ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрінің Көкшетау техникалық институтына жұмыс сапары

ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрінің Көкшетау техникалық институтына жұмыс сапары

Көкшетау техникалық институтына  ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі И.Күлшімбаев жұмыс сапарымен келіп, жеке құраммен кездесті.  Институт бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Шәріпханов ведомство өкілін оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқу лабораториясымен   таныстырды, алдағы уақытқа жұмыс жоспарымен бөлісті. Ол оқу  орнына заманауи лабораторлық және типографиялық жабдықтармен жарақтау, компьютер техникаларын жаңарту қажет екендігін айтты. Өз кезінде, полковник  И.Күлшімбаев  алдағы уақытта осы мәселелерді шешіу үшін бірқатар міндеттер қойылатындығын жеткізді.

Курсанттардың қатысуымен TDK-5 жылу түтін камерасында демонстрациялық сабақтар өткізілді, онда олар қонақтарға өздерінің дағдыларын көрсетті.

Бірінші вице-министр институттың оқу корпустарын аралап, оқытушы құраммен  кездесті. Ведомство өкілі назарына оқытушылардың диссертациялық зерттеулері мен монографиялары, институттың ғылыми конференция жинақтары мен ғылыми журналдары  қойылған  көрме ұсынылды.

«Оқу орнының мәртебесі міндетті түрде өседі. Сондықтан бұл мәселені бірлесіп шешуіміз керек. Азаматтық қорғау саласына білікті мамандар даярлайтын Көкшетау техникалық институтының ұжымына алғыс айтамын», - деді бірінші вице-министр оқытушылармен жүздескенде. Алдағы міндет – оқу орнын академияға айналдыру екендігін де атап өтті. Әрі қарай ведомство өкілі жатақхананы  аралап,  курсанттардың тұрмысымен танысты.

Айта кетейік, 4 желтоқсан күні ономастикалық комиссия отырысында Көкшетау техникалық институтына Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллиннің есімін беру туралы шешім қабылданды.

 

 

ҚР ТЖМ КТИ баспасөз қызметі