Адам өмірін құтқару жолында: кинолог Наталья Дрожжина

Адам өмірін құтқару жолында: кинолог Наталья Дрожжина

  Шығыс Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінің жетекшісі Наталья Дрожжина кинологтар қатарында 25 жылдан бері қызмет етіп келеді. Иттерге деген сүйіспеншілігі Натальяны ТЖД жедел-құтқару жасағына жұмысқа келуге жетелеген басты себеп болды.

  Із кесу арқылы адамдарды іздеу, табиғи және техногендік сипаттағы үйінділер астынан зардап шеккендерді құтқару – кинологтар мен олардың төрт аяқты серіктестерінің міндеті. Қазір Наталья бретон эпаньолі Пуля және лабрадор Геля атты иттермен бірге жұмыс істейді. Адамның мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда иттердің есту қабілетінің өткірлігі мен ерекше иіс сезу қабілеті көмекке келеді. Құтқарушы-кинологтар иттермен арнайы жаттығулар өткізеді. Кинологиялық есептоптар жыл сайын өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға жіберілу үшін аттестаттаудан өтеді.

  «Біз кәсіби шеберлігімізді үнемі шыңдап, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу арқылы тәжірибе алмасып отырамыз. Құтқарушы-кинолог пен оның төрт аяқты серіктесі – біртұтас команда. Адам өмірін құтқаруда өзара сенім, кәсібилік және үйлесімді әрекет шешуші рөл атқарады. Бірнеше күн бойы аумақты барлап, итіммен бірге адам іздеген кезіміз болды. Құтқару операциясы сәтті аяқталды. Іздеу міндеті орындалып, орманда адасып кеткен саңырауқұлақ теруші аман-есен табылды», – дейді Наталья.

   Наталья Дрожжинаның төрт аяқты серіктестерімен бірге атқарып жүрген қызметі адам мен жануар арасындағы байланыстың адамдарға үміт сыйлап, өмірін құтқаратын зор күшке айналатынын көрсетеді.