ТЖМ-де азаматтық қорғаныс органдарының қызметі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының бастығы Жұмабек Хасенов сөз сөйледі. Ол Қоғамдық кеңес мүшелерін Академиядағы оқу-жаттығуды ұйымдастыру, сондай-ақ курсанттардың тұру жағдайлары мен тамақтануы туралы хабардар етті.
Қоғамдық кеңес мүшелері Академия басшылығының кадеттерді тиісті тұрмыстық жағдайлармен және тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, кадеттерді даярлауды дамытуда табысқа жетулеріне тілектестік білдірді.