Өткен тәулікте қар құрсауынан екі адам құтқарылып, жоғалып кеткен бір адам табылды

Өткен тәулікте қар құрсауынан екі адам құтқарылып, жоғалып кеткен бір адам табылды

29 қараша күні сағат 01:40-та Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округінде ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Хабарлаушылар Жетімшілік ауылынан батысқа қарай 15 шақырым жерде Үшшілік қыстағынан 28 қарашада 1991 жылы туған ер адам мал іздеуге жаяу шығып, қайтып оралмағанын хабарлады.

Оқиға орнына ТЖД, полиция қызметкерлерінен, жергілікті тұрғындардан құралған іздеу тобы шықты. 29 қараша күні сағат 22:00-де жоғалған адамды полиция қызметкерлері Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жердегі ауыл аралық жолдан тапты. Медициналық көмек қажет емес еді.

29 қараша күні сағат 16:55-те Абай ауданында Сарепта ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде, ауыл аралық автожолында ТЖД бөлімшелерінің күшімен қар құрсауынан 2 адам құтқарылып, Сарепта ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес еді.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті ауа райының нашарлауы кезінде алыс қашықтықтарға шығуды уақытша шектеу, сапарлар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеру, метеожағдайлар мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажеттігі туралы ескертеді. Жаман ауа-райында алыс қашықтыққа серуендеу де ұсынылмайды. Жақындарыңызды шығу немесе шығу бағыты, сондай-ақ болатын жері, қайтудың күтілетін уақыты туралы ескертіңіз! Бұл ақпарат ықтимал оқиғалар кезінде пайдалы болуы мүмкін.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі