«Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумы өткізілді

«Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі ардагерлер ұйымы»  қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумы өткізілді

2020 жылғы 27 қарашада Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю.В. Ильиннің қатысуымен "Қазақстандық Төтенше жағдайлар ардагерлері ұйымы" қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумы өтті.

Пленум 24 қарашада кенеттен қайтыс болған Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Жұмайұлы Даниловты еске алуға бір минут үнсіздікпен басталды. 

Пленумда Министр қызмет ардагерлеріне Төтенше жағдайлар органдарының бірыңғай ардагерлер ұйымын құру туралы үндеу жасады, ол өз қатарларында әскери және өртке қарсы қызметтің, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің барлық ардагерлерін (зейнеткерлерін) және Министрліктің басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарын біріктіруі тиіс.

Министр сондай-ақ, ардагерлер ұйымының жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі жастармен жұмыс екенін, патриоттық жұмысқа барынша назар аудару, жас қызметкерлердің еңбек, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесіне барынша көмек көрсету, оларға Төтенше жағдайлар қызметінің үздік еңбек дәстүрлерін беру қажеттігін атап өтті. Ардагерлер бірлестігі ардагерлерге лайықты құрмет пен қамқорлық көрсетуі тиіс. 

Пленум жұмысына аумақтық ардагерлер кеңесінің басшылары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары және ведомстволық бағынысты мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Қоғамдық бірлестіктің Пленумында 9 адамнан тұратын Президиум және Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды.

Төтенше жағдайлар органдарының біріккен ардагерлер ұйымының төрағасы болып министрдің кеңесшісі, Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері, отставкадағы генерал-майор Ысқақов Мейрам Қабденұлы бірауыздан сайланды. 

Министрліктің орталық аппаратында алғашқы ардагерлер ұйымы құрылды. Оның төрағасы болып Мемлекеттік қызмет және төтенше жағдайлар органдарының ардагері - Құрманбаева Гүлнара Болташқызы сайланды.

 

«Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі