Павлодар қаласында жылу электр орталықта жыу беру қалпына келтірілді

Павлодар қаласында жылу электр орталықта жыу беру қалпына келтірілді

2020 жылғы 27 қарашада сағат 20.10-де 112 пультіне тұрғындардан  Павлодар қаласының оңтүстік және шығыс шағын аудандарында жылу бірде келіп, бірде келмей тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. 1- жылу электр орталығында сағат 19.00-де жарылу салдарынан №3 құбырдың жұмысы тоқтатылды, қалпына келтіру жұмысын жүргізу кезінде жылу берудің үш желілік сорғысының жұмысы тоқтатылды, жылу беру азайтылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде 1- жылу электр орталығының тұтынушыларын 2020 жылғы 27 қарашада сағат 20.00-де 2 және 3-жылу электр орталықтарына қосты. 1-жылу электр орталығы  аумағындағы жылу желісінің бүлінген учаскесін бөлшектеп, жаңасын орнатуға кірісті. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары 28 қарашада сағат 12.00-ге дейін жалғасты. Жылумен жабдықтау іске қосылды.

Алдын ала диаметрі 800 мм құбыр желісінің тозуынан «Қазақстан алюминийі» АҚ 1-жылу электр орталықтың аумағындағы құбыр жарылды. Соның салдарынан қаланың оңтүстік және шығыс бөлігінде жылу беру азайтылды. 

1-жылу электр орталықтың жылу желілерін авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жалпы саны жеке құрамнан 90 адам және 25 бірлік техника күштер мен құралдар жұмылдырылды: «Жылу желілері» ЖШС (40 адам және 10 бірлік техника), «Алюминй Казасхстан» АҚ 1-ЖЭО (40 адам және 10 бірлік техника), жергілікті атқарушы органдар (5 адам жəне 3 бірлік техника), Павлодар облысы ТЖД (5 адам жəне 2 бірлік техника ).

2020 жылғы 29 қарашада сағат 7:00-дегі жағдай бойынша жылу желілерінде апаттар тіркелмеді.

 

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі