Азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Есенгелдіұлы Жақсыбаев Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Жақсыбаев Мадияр Есенгелдіұлы 1979 жылы Сырдария облысы Гулистан ауданының Крестьянское ауылында дүниеге келген.
1999 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ жоғары өртке қарсы техникалық мектебін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Қызметін Сырдария облысы ІІБ халық арасында үгіт-насихат жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі инженер лауазымынан бастады. Өзбекстан Республикасының өрт қауіпсіздігі органдарында қызмет еткен 5 жыл ішінде Мадияр Жақсыбаев өзінің еңбек жолын Сырдария облысы ІІБ өртке қарсы қауіпсіздік басқармасының Өрт сөндіру штабының топ бастығы лауазымында аяқтады.
Оңтүстік Қазақстан облысын көшіп келген Мадияр Жақсыбаев еңбек жолын 2004 жылы ОҚО мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының №23 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы лауазымында жалғастырды. Төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау ісіне өзіндік үлес қосты.
2013-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында жауапты лауазымдарда жұмыс істей отырып, азаматтық қорғаудың қалалық кіші жүйесін дамытуға үлкен үлес қосты. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болды. Мадияр Есенгелдіұлы 20 жылдан астам азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Үйленген, үш баланың әкесі.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі