
2020 жылғы 26 қарашада түнгі сағат 01.36-да СҚО ТЖ департаментінің жедел кезекші бөліміне Қызылжар ауданында Есіл өзеніне балық аулауға барып, адасып қалған ер адам қоңырау шалды. Ол 12-15 шақырым жүрген соң, адасып қалғанын түсініп, 112 телефонына хабарласып, көлікті «Воронье остров» демалыс аймағында қалдырғанын айтты. Бұл ақпарат дереу Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне, полиция, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне жіберілді.
Дереу Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Аслан Ахметжанов және ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны Данияр Калелов бастаған іздестіру-құтқару тобы ұйымдастырылды.
ТЖ мамандары 1969 жылы туған ер адаммен хабарласып, 2020 жылғы 25 қарашада Петропавл қаласынан Прибрежное ауылының маңындағы «Вороний остров» бағытында ол өзінің жеке автокөлігімен кеткенін анықтады. Есіл өзеніне жеткеннен кейін, ол көлікті жағалауға тастап, мұзға шықты. Шамамен 25 қарашада таңғы сағат 10-да ол балық аулауға кіріскен. Балық аулап жүріп, орналасқан жерінен алыстап кеткен. Кешкі сағат 18-де құралдарын жинап, үйге қайтпақшы болып, ер адам жағаға қарай бет алады. Сол кезде ол өзінің тұрған жерін жоғалтып алғанын байқап, Есіл жағасының бойымен жүріп келе жатып, 112 нөміріне хабарласып, өзінің адасып қалғанын, бастапқы орнын таба алмағанын айтты.
«Нива» автокөлігімен шыққан ТЖБ қызметкерлерінің күші Қызылжар ауданының полиция бөлімімен бірлесіп (жеке құрамнан 4 адам, 2 бірлік техника) және қорықшының көмегімен «Воронье остров», сондай-ақ «Пороховое» көлінің маңайында іздеу жұмыстарын жүргізді. Адасып қалған адаммен байланыс болғандығын айта кеткен жөн.
ТЖБ қызметкерлері «WhatsApp» бағдарламалық функциясы көмегімен Виктордың орналасқан жерін анықтады.
Шамамен таңғы сағат 5-ке қарай ер адамның Есіл өзеніне жақын орналасқан Бәйтерек ауылынан шамамен 2 шақырым жерде екені анықталды.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар адасып қалған адамды тауып алып, оны өз көлігіне жеткізді. Адасып қалған адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
«Мен ТЖ қызметкерлері мен полицияға өзімді құтқарғаны үшін алғыс айтамын. Үлкен рахмет!»,- деген сөздерімен Виктор өз құтқарушыларына ведомствоның бірінші басшысының атына алғыс хат жолдады.
СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы