Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамына мүшелерді сайлау жөнінде конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңес кандидаттарына "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңның 103-бабында көзделген талаптар қойылады»:
1) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
2) Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың сотталғандығы болмауға, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға, сондай-ақ психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:
1) Қоғамдық кеңес мүшелігіне ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар, конкурсқа жіберілмейді.
Қоғамдық кеңеске кандидатуралар бойынша ұсыныстарды хабарландыру ТЖМ сайтында жарияланған сәттен бастап 10 күн мерзімде индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 2-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мекенжайы бойынша, сондай-ақ: nurakhmetov.nm@emer.kz (т.60-21-35, 60-21-40) ұсыну қажет.