
«Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» тақырыбында Қазақстанның IX Азаматтық форумын өткізу шеңберінде 2020 жылғы 26 қараша күні сағат 17.00-де онлайн режимде Азаматтық қоғам істері комитетінің facebook парақшасында https://m.facebook.com/azamattyqforum/ Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильиннің үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлік ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтеді.
Осы іс-шарада азаматтық қорғау органдарының үкіметтік емес ұйымдармен және волонтерлік ұйымдармен төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда өзара іс-қимылы мәселесі талқыланады.