
20 қараша күні сағат 08:10-да 112 пультіне «Акуленок» шығанағының аумағында ер адамның балық аулау кезінде мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, дереу балықшы құтқарды. Мұздың тым жұқа болуына байланысты құтқару жұмыстары күрделене түсті. Құтқарушылар 1960 жылғы ер адамды мұздан шығарып алып, жедел жәрдем қызметінің бригадасына тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты. Оқиға орнына 9 құтқарушы мен 2 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері барды.
ҚР ТЖМ тұрғындарға осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұқа мұзға шықпауға кеңес береді.
ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі