Құтақарушы мамандығы әлемдегі ең жауапты және қауіпті мамандықтардың бірі болып саналады.
Құтқарушының функциялары тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеу қажеттілігінің себебінен ағзаның жоғары жүктемелерімен байланысты.
Құтқарушылардың максималды қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және зақымдану ошағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылу жаңадан құрылған ТЖ министрлігінің басты міндеті болып табылады.
Әрине, қойылған мәселенің шешімі қазіргі заманғы технологиялық дамумен қатар жүруі керек. Құтару бөлімшелері құтқарушылардың жұмысының қауіпсіздігін, жеделдігін және жайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа құралдармен жарақтандырылуы тиіс.
Бүгін Азаматтық қорғаныс және әсери бөлімдер жөніндегі комитет Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі И. Күлшімбаевтың төрағалығымен жеке қорғану құралдары әлемдік өңдірушілерінің өкілдерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды және өткізді.
Сонымен қатар жұмыс жиналысына ведомствоның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Жұмыс кездесуі барысында өкілдер тыныс алу органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаңа технологияларды таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Министрлік жеке қорғану құралдарын өндірушілердің өкілдеріне алғысын білдіріп, оларға барлық жоспарларының іске асырылуы мен одан әрі дамуын тіледі.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті