Жамбыл облысы ТЖ департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы ТЖ департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Ермек Жамбылұлы Момбаев тағайындалды.

19 қарашада Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков облыс әкіміне және  жеке құрамға ТЖ департаментінің бастығын таныстырды.

Вице-министр департамент бастығына жақын аралықта атқарылуы тиіс нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жылыту маусымында, қысқы кезеңдеТЖ-ның алдын алу іс-шараларын өткізу, түрлі төтенше жағдайлардың санын азайту.

Марат Мұхаметқалиұлы халықтың ТЖ қызметкерлеріне сенімін арттыру үшін ұйымдастырушылық және практикалық шараларды орындау, жеке құрам арасында  тәртіп пен заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Ермек Момбаев 1977 жылғы 22 шілдеде Жамбыл облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары,  2002 жылы  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы - өрт қауіпсіздігі.  Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 1995 жылдың 1 қыркүйегінде бастаған.

Отбасылы, үш баласы бар.

 

Жамбыл облысы ТЖ департаменті