«Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты ІII республикалық ғылыми-теоретикалық конференция

«Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты ІII республикалық ғылыми-теоретикалық конференция

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты 2020 жылғы 16 қарашада «Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» тақырыбында кезекті Республикалық ғылыми-теориялық конференциясын  өткізді.

Батырдың туған күніне арналған Конференция дәстүрлі түрде оның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Конференцияның пленарлық отырысы ZOOM Video Communications бейнеконференцияларын ұйымдастыруға арналған бағдарламаны пайдалана отырып, қашықтық форматта өтті.

Конференция жұмысына институттың басшылығы, профессор-оқытушылық құрам және институт курсанттарынан басқа құрметті қонақтар – мемлекеттік билік органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет мекемелерінің ғылыми қызметкерлері қатысты.

Конференцияны институт бастығы, техника ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, азаматтық қорғау полковнигі Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы ашты.

Конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей Федерациясының Әскери ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, генерал-лейтенант Тасболатов Абай Бөлекбайұлы құттықтау сөз сөйлеген.

Конференцияда патриоттық тәрбие мен отан игілігіне қызмет ету ісіндегі ұрпақтар сабақтастығының өзекті мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.

Келесі баяндамалар бейнеконференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды:

Серік Негимов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, М. Ғабдуллиннің шәкірті. Баяндама тақырыбы: «М. Ғабдуллинің эпистолярлық мұрасы»;

Сманов Бақтияр Өрісбайұлы – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, М.Ғабдуллиннің шәкірті. Баяндама тақырыбы: «Ұлы ұстаздан ұлағат»;

Артықбаев Жамбыл Омарұлы – тарих ғылымдарының докторы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры. Баяндама тақырыбы: «Көкшетау өңірі: эпикалық заман ескерткіштері (М. Ғабдуллиннің эпосты зерттеу тақырыбы аясында)»;

Абраимов Досай Касымович – әскери ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясы ғылыми қызмет басқармасының профессоры, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым құрметті қызметкері, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, запастағы полковник. Баяндама тақырыбы: «Нерешенность проблем идеологического обеспечения в вооруженных силах – как фактор торможения формирования казахстанского патриотизма»;

Жәмбек Сәбит Нұрмұханбетұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов университетінің профессоры. Баяндама тақырыбы: «Жыраулар поэзиясындағы Абылайхан дәуіріндегі қаһарман батырлардың тұлғасы» және т.б.

Конференция соңында оның практикалық маңыздылығы атап өтілді, өзара ынтымақтастықты дамытудың перспективалық жоспарлары айқындалды. Жұмыс нәтижелері бойынша конференцияның резолюциясы қабылданды.

ҚР ТЖМ КТИ