Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар орталығы БАҚ өкілдері үшін онлайн режимінде брифинг ұйымдастырды және өткізді. Брифингтің бастамашысы Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Өтегенов Ернұр Сапарұлы болды. Брифинг тақырыбы 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қысқы кезеңге арналды.
БАҚ өкілдерінің назарына аумақтық ведомство бастығы қыс кезеңінің басталуымен халықтан елеулі хабарламалар түспегенін жеткізді. Тек автомобильдер мұзға байланысты, ауыр зардаптарсыз жол жиегіне түскен жағдайлар тіркелген. Бес рет дауылды ескерту жарияланды, халықты ақпараттандыру «Дәрмен» мобильді қосымшасы, әлеуметтік желілер арқылы уақтылы жүзеге асырылады, сондай-ақ ұялы байланыстың барлық абоненттеріне SMS тарату жүргізіледі. Сондай-ақ, Департамент пен оның бөлімшелерінің күштері мен құралдары ықтимал ТЖ жоюға дайын екенін аудиторияның есіне салды.
2020-2021 ж.ж. жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады, бүгінгі күні облыс бойынша жыл басынан бастап 838 өрт болды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны 3%-ға төмендеді, өрт салдарынан 21 адам қаза тапты, 15 адам жарақат алды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың тұрғын үй секторында 118 өрт болды, 2019 жылы -125, өрт санының жалпы 5%-ға төмендеуіне қарамастан, өкінішке орай, өртте адам өлімінің 3 фактісі бар.
Спикер тілшілердің назарын пешпен жылытуды пайдалану кезінде тұншықтырғыш газбен уланудың жиілеп кеткен жағдайлары ерекше алаңдаушылық тудыратынына аударды. Жылыту маусымы басталғаннан бері 8 жағдай тіркелген. Департамент бастығы азаматтардың бейқамдығынан болған нақты жағдайларды келтірді. Оның айтуынша, ең тән және жиі кездесетін бұзушылықтар-ақаулы электр желісі мен электр жабдықтарын пайдалану, жылыту пешінің ақаулығы, пештің алдындағы парақтың болмауы, пештің конструкциясындағы жарықтар. Осы бұзушылықтардың барлығы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің аулаларды аралау кезінде анықталды. Рейд барысында 1 030 үйде 1 135 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды, бүгінгі күні барлық бұзушылықтар жойылды.
Азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында Департамент қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Халықтың әлеуметтік осал топтары бақылауда тұр, бүгінгі таңда 2000 отбасы есепке алынды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен және волонтерлік ұйымдардың көмегімен ағымдағы жылы тұрғын үй секторында 179 улы газ датчигі, сондай-ақ пеш алдында 25парақ орнатылды.
Спикер барлық алдын алу жұмыстары ЖАО өкілдерімен, Қызыл Жарты ай еріктілерімен, «Жас Отан» Жастар қанатымен және «Вита» іздестіру-құтқару жасағымен бірлесіп жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Аумақтық органның басшысы бірлескен және жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.
Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі