Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы Конкурс

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы Конкурс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ТЖМ) ТЖМ өкілдері қатарынан екі мүшені және коммерциялық емес ұйымдардың төрт мүшесін, азаматтарды азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына іріктеу туралы конкурс жариялайды.

Жұмыс тобына кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 8-бабында көзделген талаптар қойылады»:

1) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

2) жұмыс тобының мүшелігіне үміткер азамат сотталмағандығы, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмысы және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы бабымен кінәлі деп танымаған болуы, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш);

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.

Жұмыс тобының отырысына қатысу үшін байқаушы ретінде мыналар:

1) коммерциялық емес ұйым және (немесе) бұқаралық ақпарат құралы өкілінің жазбаша ұсынысы мен мәліметтері (2-қосымшаға сәйкес өтініш) ұсынылады.

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар, конкурсқа жіберілмейді.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 күндік мерзімде 010000 индексі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 2-кіреберіс, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мекенжайы бойынша, сондай-ақ: nurakhmetov.nm@emer.kz (т.60-21-35, 60-21-40) жолдау қажет.

Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өтініш

Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қосу үшін өтініш