ТЖМ-да медициналық ұйымдардың төтенше жағдайларға ден қою дайындығы бойынша кездесу өтті

ТЖМ-да медициналық ұйымдардың  төтенше жағдайларға ден қою дайындығы  бойынша кездесу өтті

2020 жылғы 11 қарашада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин медицина саласының өкілдерімен: "Ұлттық Медицина қауымдастығының" президенті Айжан Садықовамен, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры Бақытжан Сексенбаевпен, "Травматология және ортопедия" ҒЗИ стратегиялық және Өңірлік даму, мониторинг және талдау орталығының басшысы Ержан Ысқақовпен, ТЖМ Апаттар медицинасы және психологиялық қызмет басқармасының бұрынғы бастығы Раушан Мирсалимовамен кездесті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық ұйымдардың төтенше жағдайларға ден қою дайындығы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Апаттар медицинасы мен психологиялық қызметті жетілдіруге бағытталған тұжырымдаманы әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру қажеттігі туралы шешім қабылданды.

 

ҚР ТЖМ Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы