
2026 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің мүшесі Мұрат Әбдіхалықұлы тәуекелдерді цифрлық және сценарийлік модельдеу, аумақтардың қауіпсіздік паспорттарын жетілдіру, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ халық арасындағы авариялар мен жарақаттану деңгейін төмендету мәселелері бойынша қазіргі ахуалға талдау жасап, бірқатар ұсыныстарын ұсынды. Төтенше жағдайлардың алдын алу, ден қою тиімділігін арттыру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдарды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған тәсілдер мен ұсынымдарды қолдады. Министрлікке айтылған ұсыныстарды одан әрі пысықтап, оларды қызмет барысында қолдану мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.