ТЖМ-да азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің қолбасшылығымен жұмыс кеңесі өткізілді

ТЖМ-да азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің қолбасшылығымен жұмыс кеңесі өткізілді

2020 жылғы 11 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігінің конференц-залында бірінші вице-министрдің төрағалығымен бейнеконференция режимінде әскери бөлімдер қолбасшылығымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің, ТЖ жою департаментінің өкілдері, АҚ әскери бөлімдерінің қолбасшылығы, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерінің бірінші басшылары қатысты.

Кездесу барысында бірқатар мәселелер талқыланды, олардың негізгілері: әскери тәртіптің жай-күйі, запасқа шығаруды ұйымдастыру және жас буынды шақыру, АҚ әскери бөлімдерін материалдық-техникалық жарақтандыру.

Сонымен бірге, әскери бөлімдерде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар кешеніне ерекше назар аударылды.

Қорытындылай келе, бірінші вице-министр азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін тұрақты әзірлікте ұстау министрліктің бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын атап өтті.

Осыған байланысты, әскери тәртіп, жеке құрамды кәсіби даярлау, жеке құраммен және техникамен жасақталуын қамтамасыз ету, жеткілікті нормативтік, құқықтық базамен қамтамасыз ету мәселелері орта мерзімді перспективаға арналған негізгі міндеттері болып табылады.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті