"Ертіс құтқарушысы" газетінде біздің күнделікті өміріміздің батырлары туралы

"Ертіс құтқарушысы" газетінде біздің күнделікті өміріміздің батырлары туралы

Бірнеше жылдар бойы Көкшетау техникалық институты Павлодар облысының Төтенше жағдайлар Департаментімен тығыз байланыста болып, "Ертіс құтқарушысы"ведомстволық газетінің шығарылымдарымен үнемі танысып келеді.

Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған газеттің мерекелік шығарылымы үлкен қызығушылық тудырды.

Патриоттық тәрбие аясында күндізгі оқу факультетінің 1 және 2 курс курсанттарының осы нөмірдің материалдарын талқылауы ұйымдастырылды.

Осы газеттегі жарияланымдарды талқылау қорытындысы бойынша болашақ құтқарушылар "Бейбіт күндердің батырлары - өрт сөндірушілердің ескіру мерзімінсіз ерліктері туралы" айдарын ерекше атап өтіп, күн сайын қиын жағдайға тап болған адамдардың өмірін құтқаратын құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің ерліктеріне таңданысын білдірді.

Бұл батырлардың өмірі мен қызметі азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлері, сондай-ақ болашақ құтқарушылар үшін үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері арасында осындай кейіпкерлер бар болғанша, жас толықтыруға ұмтылатын, кімге теңесетін, кімнен үлгі алатын адамдар бар.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерінің ерлік фактілерімен танысу ақындық шығармашылықтың бастапқы нүктесі болды: 1-курс курсанты Мұратқан Айтбаев кейіпкерлердің бірі – Төлеуов Қуаныш Қанағатұлына "Құтқарушы Қуаныш" атты өлеңін арнады.

 

КТИ баспасөз қызметі

 

Құтқарушы Қуаныш!

(Төлеуов Қуаныш Қанағатұлы – Ақсу қаласының

№11 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі).

 

Қаласы еді қазақтың Ақсу атты,

Күндегідей жұмыстар өтіп жатты.

Хабар келді бөлімге өрт туралы,

Айтуынша жалынның беті қатты.

 

Әр қашанда ширақ қой қимылдары,

Құтқарушы батырлар тез жиналды.

Минут салып араға аттанды олар,

Талай-талай өрттерде ол шыңдалды.

 

Батырлар жетті орынға,

Өрт болып жатқан жалындап.

Өртенген үйдің ішінде,

Жас сәби жатты шырылдап.

 

Бұл жайлы батыр естіді,

Ойланып бір сәт тұрмады.

Ортасынан жалынның,

Сәбиді аман құтқарды.

 

Құтқарып аман сәбиді,

Сақтап қалды өмірін.

Анасына табыстап,

Бір жайлы етті көңілін.

 

Бұл жайлы халық естіді,

Мақтаныш етті ерлігін.

Марапаттап батырды,

Көрсетті елім елдігін.

 

Қуанамын барына,

Қуаныштай батырдың.

Ұмытпайды ешқашан,

Елім сендей батырын.

 

 

Қазақстан Республикасы ТЖМ

Көкшетау техникалық институтының

ОСБ 1-ші курс курсанты

азаматтық қорғау қатарындағы

Мұратқан Айтбаев