Ертіс өзенінде профилактикалық рейдтер жалғасуда

Ертіс өзенінде профилактикалық рейдтер жалғасуда

  Абай облысы ТЖД құтқарушылары Ертіс өзенінде профилактикалық рейдтер жүргізуді күшейтті.

  Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында бөлімшеге жаңа Voyager қайығы берілді. Бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және патрульдеу аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

  Іс-шаралар барысында құтқарушылар акваторияны патрульдеп, азаматтарға ықтимал қауіптер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су айдындарының маңында болу қаупін ескертеді.

  Өткен жылы ТЖД құтқарушылары су айдындарында 5 мыңнан астам рейд жүргізіп, 56 адамды құтқарды.

  ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.