Батыс Қазақстан облысында «Қыс-2020» облыстық штабтық жаттығулар өтті

Батыс Қазақстан облысында «Қыс-2020» облыстық штабтық жаттығулар өтті

2020 жылғы 5 қарашада Батыс Қазақстан облысында «Қыс–2020» облыстық штабтық жаттығу өтті. Жаттығудың негізгі мақсаты – қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайды жоюға тұрғындар мен азаматтық қоғаудың мемлекетік жүйесі дайындығының деңгейін арттыру болып табылады.

Облыстық штабтық жаттығудың жоспарына сай жаттығу екі кезеңнен тұрды: басқару органдары мен азаматтық қоғаудың мемлекетік жүйесінің облыстық кіші жүйесі күшінің  функционалдық міндеттерін орындауға дайындығы,  азаматтық қоғаудың мемлекетік жүйесінің облыстық кіші жүйесімен басқару. 

Жаттығу аңызына сәйкес, 2020 жылғы 5 қарашада сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы ТЖД Дағдарыс жағдайлары  басқармасының «112» нөміріне қаламыздың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан 10-шы шағын ауданда 5 қабатты тұрғын-үйдің 3-ші қабатында жарылыс болып, өрт шығады. Технологиялық үрдістің бұзылуы салдарынан көпқабатты тұрғын-үйде жарылыс орын алып, жарылыстан 2 кіреберіс қирайды, ал тұрғындар ғимарат ішінде қалып, шыға алмай қалады, олардың арасында  зардап шеккендер мен жараланғандар да бар.

Тактикалық-арнайы  оқу барысында 5 оқу орны қамтылып, БҚО ТЖД мен оның бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамынан 104 адам, 15 бірлік техника жұмылдырылды.  

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі