6 қарашада «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығуы шеңберінде Қарағанды облысының ТЖ департаменті адамдарды іздеу, құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыстарды іс жүзінде орындау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізді.
ТАОЖ-да ҚР ТЖМ жедел-құтқару құрамаларының, 52859 әскери бөлімінің, облыстық азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша қатты қар мен бұрқасын салдарынан үш адам бағдарын жоғалтып, далада адасып кетті. Зардап шеккендердің бірі ұялы байланыс бойынша «112» телефонына қоңырау шалып, шамамен орналасқан жерінің координаттарын берді.
Төтенше жағдайдың туындағаны туралы дабыл алған Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жедел кезекшісі жедел-құтқару бөлімшелерін шұғыл хабардар етті. Зардап шеккендерді іздеу және құтқару үшін күштер мен құралдар апаттың болжалды аймағына жіберілді. Жоғалған адамдардың болуы мүмкін жерлерге зерттеу жүргізілді. Іздеу жұмыстарына кинологиялық есептеу тартылды. Қысқа мерзімде зардап шеккендер табылып, эвакуацияланды және Апаттар медицинасы орталығының бригадасына берілді.
Оқу-жаттығудың екінші эпизодының жоспары бойынша автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, су қоймасына құлап кетеді. Көлікте 3 адам болған. Екі зардап шеккен адам өздігінен шыға алды, ал біреуі батып бара жатқан көлікте қалды. Оқиға орнына құтқарушы-сүңгуірлер жіберілді. Көлікті жағаға сүйреп апарғаннан кейін құтқарушылар жәбірленушіні босатып, дәрігерлерге тапсырды.
Оқу-жаттығудың барлық міндеттері толық көлемде орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 5-6 қараша аралығында елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығуы «Қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру» тақырыбында өткізілуде.
Оқу-жаттығу басқару органдарының, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, азаматтық қорғау қызметтерінің, облыстың қалалары мен аудандарының авариялық-құтқару қызметтері ұйымдарының, күштері мен құралдарының қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлік деңгейін айқындау және практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында жүргізіледі.
Қарағанды облысында қысқы кезең жағдайында ТЖ салдарын жою үшін облыстың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді - бұл 3100-ден астам адам және 1300 бірлік техника.
Облыстың 713,5 шақырымдық автожолдарының 531 қар басатын учаскесі күшейтілген бақылауға алынды.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 28 жылыту пунктінің жұмысы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда жол бойындағы бизнестің 355 объектісі және 7 трассалық медициналық-құтқару пункттері пайдаланылуы мүмкін.
ТЖ департаментімен қыс жағдайында жұмыс істеу үшін 87 жоғары өтімді және инженерлік техника дайындалды. Жол талғамайтын көліктер, вахталық автомобильдер белсенді түрде іске қосылады.
Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника Теміртау, Осакаровка, Молодежный, Ақсу-Аюлы, Атасу бағыттары бойынша таралған.
Азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайын.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі