Елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өткізілуде

Елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық  жаттығу өткізілуде

2020 жылғы 5-6 қараша аралығында елімізде «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өткізіледі.

Жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.

Жаттығудың басшылық штабы ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығының  ахуалдық залында орналасады (Нұр-Сұлтан қаласы).

«Қыс-2020» жаттығуы аясында республика бойынша күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен ТЖ жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар жүргізілетін болады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі