ТЖМ басшысы ведомстводағы әйелдерді құттықтады және оларға мемлекеттік наградалар табыс етті

ТЖМ басшысы ведомстводағы әйелдерді құттықтады және оларға мемлекеттік наградалар табыс етті

  Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде министр генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов ведомстводағы әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

  Салтанатты іс-шара барысында Ведомство басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі және мінсіз қызметі үшін 6 қызметкер әйелді мемлекеттік наградалармен марапаттады.

  Марапат иелері азаматтық қорғау жүйесіне 20 жылдан аса уақытын арнаған. Мемлекеттік награда олардың ұзақ жылғы еңбегіне берілген алғашқы жоғары баға болды.

  «Құрмет» орденімен «Резерв» РМК филиалының машинисі Башкенова Бағдат Қалыққызы марапатталды. Ол азаматтық қорғау жүйесінде 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп, техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп келеді және кәсіпорын қызметіне елеулі үлес қосып жүр. «Ерен еңбегі үшін» медалімен мына қызметкерлер марапатталды: Рәкішева Гүлнар Жетенқызы – «Қазселденқорғау» ММ филиалының диспетчері, көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар және сел қаупіне жедел ден қоюды қамтамасыз етеді; Өтешова Рахима Зейнетуллақызы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының инженері, жиырма жылдан астам уақыт бойы сейсмикалық жағдайға мониторинг жүргізумен айналысады; Ерімбетова Арзыгүл Уәлиқызы – «Қазавиақұтқару» АҚ маманы-инструменталисі, ол көптеген жылдар бойы авиациялық құтқару техникасына техникалық сүйемелдеу көрсетуді қамтамасыз етіп келеді.