
6 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалармен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. Олардың қатарында Төтенше жағдайлар министрлігінің 7 қызметкері бар. Бұл Халықаралық әйелдер күні қарсаңында құтқарушы әйелдердің жоғары мемлекеттік наградаларға ие болуы ТЖМ тарихындағы екінші оқиға.
Ақордада Мемлекет басшысы азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен еңбегін атап өтіп, ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Райымқұлова Әйгерім Маралқызына Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті. Сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 әуе кемесінің екінші пилоты Шопатаева Ақерке Бекғалиқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінде салтанатты іс-шара өтіп, онда ведомство басшысы генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Президент атынан қызмет барысында жоғары кәсібилік пен жанқиярлық танытқан қызметкер әйелдерге наградалар табыс етті.
«Құрмет» орденімен «Резерв» РМК филиалының машинисі Башкенова Багдат Қалыққызы наградталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі филиалының диспетчері Ракишева Гүлнар Жетенқызы;
Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының инженері Утешова Рахима Зейнетоллақызы;
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының аспапшы маманы Ерімбетова Арзыгүл Валиевна наградталды.
Бұл жоғары наградалардың табысталуы олардың жанқиярлық еңбегіне, азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесіне және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметіне берілген жоғары баға болды.