2026 жылғы 27 ақпанда азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста азаматтық қорғау органдарының қызметі туралы Қоғамдық кеңестің 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есебі қабылданды.
Сондай-ақ кездесуде су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы қоғамдық тыңдау өтті. Баяндамашыларды тыңдаған Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстарын айтты.