Семейлік өрт сөндіруші жұмыстан бос уақытта жүріп баланы құтқарып қалды

Семейлік өрт сөндіруші жұмыстан бос уақытта жүріп  баланы құтқарып қалды

Бүгін таңертең Семей қалсындағы Космонавтар көшесінде өрт шыққан. Өрт-сөндіру құтқару бөлімшелері келіп жеткенге дейін 1 қабаттағы үш бөлмелі үйдің балконы отқа оранғанды. Құтқарушылар келіп жеткенше 9 қабатты үйдің тұрғындары «қауіп аймағынан»  өздігінен шығып үлгерген еді.

Осы үйде 2-МӨСБ жүргізушісі Әділ Еркінұлы да тұратын еді. Ол кезекшіліктен кейін демалыста үйде болған екен. Дәліздегі шуды ести салысымен сыртқа шыққанда көрші пәтерден қап-қара қою түтіннің шығып жатқандығын көреді. Әділ дереу жанұшыра көмекке ұмтылған кезде дәлізде баланы ұстап тұрған әйелмен соқтығысып қалады. Ол дереу 2014 жылы туған қыз баланы көтеріп алып, таза ауаға шығарды. Одан кейін құтқарушы пәтерлердің есігін қағып, барлық тұрғындарды ояту үшін айғайлай бастайды. Оның арқасында ешкім зардап шекпей, уақтылы үйден шықты. Ал Әділ болса өрт сөндіру бөлімшелерін күтіп алды. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады. Өрттің себебі бойынша отты абайсыз пайдалану және мас күйде темекі шеккен деген болжамдар қарастырылып, пысықталуда.

Өрт сөндірушілер отпен арпалысып жатқанда далаға шығарылған тұрғындар арнайы «Вахтовка» көлігінде жылы жерде отырды.

ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға шылым шегудің тұтануға себепші болып, салдары алапат болуы ықтимал екендігін ескертеді.  Темекі тұқылын қараусыз тастап тәуекелге бармаңыз, күл салғышта шамалы су болғаны дұрыс. Балконда шылым шекпеңіз және сөндірілмеген темекі тұқылын далаға лақтырмаңыз, ол ауа толқынымен тез тұтанатын бетке түсіп кетуі мүмкін. Нәтижесінде ол жер біртіндеп бықси жанып, ащы түтін үйге жайылады. Бұндай қайғыда мас күйдегі темек шегушімен қатар, онымен бірге тұратындар, көршілер жапа шегуі де мүмкін. Ал өрт туралы кеш хабарлау оттың көрші үйлер мен пәтерлерге таралу қаупін тудырады. Трагедияға жол бермеу үшін темекі шеккен кезде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз:

- жеңіл тұтанатын және жанғыш заттардың жанында темекі шекпеңіз;

- темек шегуге арналған орында ғана шылым шегіңіз;

- лақтырған сіріңке мен темекі тұқылының сөндірілгеніне көз жеткізіңіз;

Ал егер де өрт шыққан жағдай болса:   

Жану белгілі болғаннан бастап дереу ғимараттан шығыңыз және мүмкіндігінше жылдам 101 және 112 телефондарына қоңырау соғыңыз. Жану белгілерін бацқасаңыз – бастысы сабырлық сақтап және қарапайым қауіпсіздік ережелеріне сәйкес іс-әрекет етіңіз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі