Облыс автожолындағы құтқару

Облыс автожолындағы құтқару

Ағымдағы жылғы 29 қазанда сағат 01:00-де Арқалық қаласының жедел- құтқару жасағының кезекші бөліміне «Арқалық-Жезқазған» тас жолында ВАЗ-2110 автокөлігі сынғаны туралы ақпарат келіп түсті. Автокөлік салонында 4 жолаушы, оның ішінде 6 жасар бала бар. Ауа райының қолайсыздығына байланысты адамдар Арқалық қаласына өздігінен жете алмаған.  

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Арқалық қаласына жолаушыларды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізді. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық.

Жедел-құтқару жасағы қолайсыз жағдайларда мүмкіндігінше үйде болуға, дауылды ескертулерге жауапкершілікпен қарауға кеңес береді. Автокөлікті жолға шығар алдында тексеру қажет, бұл сіздер мен өзгелерді қолайсыз жағдайлардан қорғайды.

 

                                                «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ»ММ

                                                  Жедел-құтқару жасағы