
Улы газбен уланудың алдын алу және халық арасында өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді кеңейту мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық жұмысты жүргізуде.
Солай, Павлодар облысы ТЖ департаментінің Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша күшейтілген үгіттеу-профилактикалық жұмысын жүргізуде, осы жолы да олар әлеуметтік осал топтарындағы 10 отбасыға улы газ датчиктерін орнатты.
Азаматтық қорғау қызметкерлері улы газ датчиктерін орнату-қыс мезгіліндегі қайғылы жағдайдың алдын алу тәсілдерінің бірі екеніне сенімді. Аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратын пешпен жылытылатын тұрғын үйлерді аралау барысында улы газ датчиктері орнатылды. Құралды орнатар алдында мамандар осы құралдың пайдасы туралы әңгіме және датчикті пайдалану бойынша нұсқаулық өткізді. Тұрғындарға улы газ – көрінбейтін жау екенін еске салды. Ауадағы затты тек арнайы құрылғылар анықтай алады, өйткені газдың иісі де, түсі де жоқ. Ауадағы рұқсат етілген параметрлерден асып кету датчигінің реакциясы үй-жайда улы газдың бар екендігін айғақтайтын дыбыстық сигнал болып табылады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бастамасын алғашқы реті «ПМХЗ» ЖШС ұжымы қолдап тегін түрде аз қамтылған және көп балалы отбасыларына улы газ датчиктерін орнатты.
Өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде ағымдағы жылғы 15 қыркүйек пен 25 қазан аралығында ЖАО жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен әлеуметтік осал отбасыларына 45 датчик орнатылды. Сонымен қатар жылдың соңына дейін тағы да 255 құралды орнату жоспарлануда.
Сондықтан үй иелері жұмыста немесе басқа жерлерде болғанда олар туыстары мен достарының өмірі үшін алаңдамайды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Павлодар облысы ТЖД
баспасөз қызметі