ТЖМ-де Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті

ТЖМ-де Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Р.Ф. Камаловтың төрағалығымен министрліктің Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы өтті. 

  Іс-шара барысында ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың 2025 жылғы ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы есептері тыңдалды, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

  Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикалық қолдануға енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  Отырыс аясында өрт және сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы әзірлемелерді, халықты ТЖ кезінде әрекет етуге оқытудың инновациялық тәсілін және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы жасанды интеллект қуаттарын пайдалануды қоса алғанда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа құралдар мен технологияларды жасау саласындағы ғылыми жетістіктер талқыланды.

  Вице-министр алынған ғылыми нәтижелерді азаматтық қорғау органдарының жұмысына жедел енгізудің маңыздылығын атап өтті.