КТИ қызметкерлерін Қазақстан Президентінің «Халық алғысы» медалімен марапаттау

КТИ қызметкерлерін Қазақстан Президентінің «Халық алғысы» медалімен марапаттау

Мұның бәрі ағымдағы жылғы сәуір айында басталды, белгісіз шыққан пневмонияның өршуі бүкіл әлемде, соның ішінде біздің елде де тез таралды. Қалыптасқан жағдайдың қауіптілігін ескере отырып, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының басшылығы мен қызметкерлері азаматтық қорғау қызметкерлері ретінде өз борыштарын ұғына отырып, КВИ-мен күреске өз үлестерін қосу шешімін қабылдады.

Институттың оқытушы-профессорлық құрамы мен қызметкерлері қатарынан адамдар көп жиналатын орындарды дезинфекциялау жүргізу үшін 20 адамнан тұратын жиынтық жасақ құрылды. А.ж. 2 сәуірінде жиынтық жасақ барлық қалалық базарлардың, сауда үйлері мен орталықтарының, супермаркеттердің, көтерме-бөлшек сауда дүкендерінің, қалалық мешіттердің іргелес аумақтарын, сондай-ақ тротуарлар мен аялдама павильондарын күн сайын өңдей отырып, жұмысқа кірісті. Дезинфекция жұмыстары кезеңінде институт қызметкерлері барлығы 1 млн.262 мың 320 шаршы метр өңдеді, 55 тоннадан астам дезинфекциялық құралдар жұмсалды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 18-28 шілде аралығында жиынтық жасақ Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасының провизорлық бөлімшесі үшін оттегі баллондарын тиеу, құю және шұғыл жеткізу жұмыстарын жүргізіп, күніне 3 толық қайта зарядтау, тасымалдау, тиеу және түсіру циклын жасады. Аталған кезеңде барлығы 2010 балон толтырылып, жеткізілді.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ пандемияға қарсы күрестегі  жемісті жұмысы  үшін  Қазақстан  Республикасының Президенті  Қ.К.Тоқаевтың Жарлықтарымен Көкшетау техникалық институтының 12 қызметкері «Халық Алғысы» медалімен марапатталды.

COVID-19 ешкімді айналып өтпеді, әрқайсысының жұқтыру қаупі бар, бірақ біздің бірлескен әрекеттеріміздің бірлігі ғана оны жеңе алады. Көкшетау техникалық институтының ұжымы адамдардың игілігі үшін, халқымыздың игілігі үшін ортақ іске елеулі үлес қосқаны қуантады.

  

ҚР ТЖМ КТИ баспасөз қызметі