Ар-намыс пен борыш - Отан қызметіне!

Ар-намыс пен борыш - Отан қызметіне!

Азаматтық қорғау қызметкерлері көпшілігінің Еңбек және қызметтік қызметі Қазақстан Республикасының Төтенше қызметтері қалыптасқан кезден бастап есеп алады. 25 жыл ішінде жүйе өмірге қауіп төндіріп, адамдарды суда құтқарып, өрттен алып шығып, қиыншылыққа тап болған азаматтарды іздейтін және табатын кейіпкерлерді тәрбиеледі. Өзін республика азаматтарының тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнаған басшылық құрамның, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арқасында қызмет өз әлеуетін сақтап қана қоймай, оларды арттыра түсті.

Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Сапарұлы Өтененовтің мансабындағы бірінші саты Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесінде «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша диплом алған соң, Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизонына жолдама алып, нақты айтқанда, Жалпақтал ауданы №15 өрт сөндіру бөлімінің өрттердің алдын алу тобының инспекторы болып қызмет етті.

Ернұр Сапарұлы жұмыс тәжірибесін жинақтаумен қатар 2001 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдап, «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша диплома алды.

Ернұр Өтегеновтің еңбек өтілінің басым бөлігі БҚО өртке қарсы қызмет департаментінде өтті. Мұнда Ернұр Өтегенов қызметін қарапайым инспектордан бастап басшылық деңгейге дейін жетті.

2019 жылдың ақпан айында Ернұр Өтегенов Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды. Оның басшылығымен және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық  қру арқылы  бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуы жақсарды, бұл сөзсіз өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жеделдігі мен ұтқырлығын арттырды.

Тәуекелдерді болжау және алдын алу шараларын қабылдау бойынша сауатты таңдалған стратегия су тасқыны кезеңінде көптеген елді мекендерді су басудың жыл сайынғы қаупін жоюға және ондаған адам өмірін құтқаруға мүмкіндік берді. Аумақтық ведомство басшылығы бірқатар алдын алу шараларын қабылдады, олар өңірдің су тасқыны қауіпті жерлерінде табиғи ТЖ-ның алдын алуға мүмкіндік берді. Ақсу қаласында, Ақтоғай және Баянауыл аудандарында елді мекендердің айналасында қорғаныс үйінділерін бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ақтоғай ауылында жергілікті әкімдіктің қолдауының арқасында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Соңғы екі жылда өңір аумағында төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы туралы халықты хабардар ете отырып, жағдай айтарлықтай жақсарды.

- Біздің заманымыздың жаңа шындықтары халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың жағымсыз салдарларынан қорғау бойынша жаңа міндеттер қояды. Табиғи апаттарды азайту үшін заманауи технологиялар мен инновациялық әдістерді енгізу қажет, - дейді Ернұр Өтегенов .

- Қол жеткен жетістіктер ТЖ департаментінің жеке құрамының мүмкіндіктерінің шегі емес. Біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Алда әлі көп жұмыс бар. Біздің міндетіміз - Қазақстан Республикасы ТЖМ адамдар арасында ассоциацияланатын қуатты күш, қорғаныс және тірек болып қала беру керек, - деп есептейді Ернұр Сапарұлы.

        

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы