
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Ол туралы өзінің Твиттер парақшасында жазды: «Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!».