
15 қарашадан бастап Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қауіпті кезеңі басталды.
Облыс Республикадағы қар көшкіні аса қауіпті аймақтардың бірі болып табылады. ТЖМ «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы қызмет көрсететін аумақта 325 қар көшкіні шоғырлары, қар көшкіні түсу қаупі бар 93 км автомобиль жолдары, сондай-ақ мереке және демалыс күндері 3000-нан астам адам демалатын туристік және шаңғы базалары орналасқан.
«Қазселденқорғау» ММ филиалымен 20 қар өлшеу- қар көшкіні бағыттары әзірленген, онда филиал мамандары қызмет көрсететін 160 қар өлшеу рейкалары орнатылған. Қар көшкіні түсу қаупі болуын, қар массасының жиналуын және қар құрылымын айқындай отырып, қар көшкіні шоғырларының жалпы жағдайын анықтау мақсатында апта сайын жерүсті тексерулері жүргізіледі. Демалыс аймақтарында, шаңғы базаларында және автожолдар бойында қар көшкіні қауіпті кезеңіне орай 40 ескерту қалқандары үш тілде дер кезінде орнатылды», – деп хабарлады «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы.
Өткен жылдың қыс кезеңі бойы жалпы көлемі 58 085 м³ болатын 64 қар көшкінің профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді.
ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аяулым Кекиеваның айтуынша: «Тауларға шығар алдында ауа райы жағдайымен танысу қажет. «112» қызметінің дауылды ескертуі болған жағдайда, тәуекелге бармай, қар көшкіні қауіпті маршруттарымен жүрмеу керек».
ТЖД ШҚО және «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы мамандарының мәліметінше, қар көшкіндері негізінен қар қалың жиналатын таулы аймақтарда жүреді. Ұзаққа созылған қардың жаууы, қардың тез еруі, ауа температурасының құбылуы, шаңғышылардың қар беткейлерін басуы, қатты айқайлардың шығуы немесе бөктерлерден сырғанау қар көшкініне себеп болу мүмкін.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.