
2020 жылғы 17 қазанда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында жаңа үлгідегі өрт сөндіру бекеті ашылды. Салтанатты шараға Ақтөбе облысы мен Мәртөк ауданының басшылығы, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары мен жеке құрамы қатысты.
Іс-шара азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы мерекесі қарсаңында өтті және Сарыжар ауылы үшін маңызды оқиға болып табылады.
Аталмыш өрт сөндіру бекетін іске қосу тиісті бөлімдерге төтенше жағдайларда жедел және ұйымдасқан түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Жаңа өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы 23 қызметкерден тұрады және 4 бірлік автокөлік техникасымен және 6 қосалқы техникамен жабдықталған.
Жаңа өрт сөндіру бекеті өрт сөндіру бөлімдерінің тиімділігі мен ұтқырлығын арттырып, материалдық және адам шығынын азайтады. Бекет қызметкерлері үшін ыңғайлы кеңселер мен тұрғын үй-жайлар қарастырылған. Сондай-ақ, жақын орналасқан елдімекендерді қоса алғанда 5000-нан астам адамның өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді.
Облыс әкімі О.Оразалин өзінің құттықтау сөзінде өрт сөндіру бекеттерінің маңыздылығын және жергілікті атқарушы органдардың алдағы уақытта да Ақтөбе құтқарушылар гарнизонының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және техникалық жабдықталуына қолдау көрсететінін жеткізді.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі