19 қазан - Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі

19 қазан - Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі

2020 жылғы 19 қазанда азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толды.

ТЖ қызметтерінің жұмыс істеген жылдары (1995-2020 жылдар аралығында) төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1 млн.353 мыңнан астам шығу жасалды. Олардың қызметі, кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылды, 334 мыңнан астам ТЖ аймағынан эвакуацияланды, 55 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ тіркеледі, оның ішінде 15 мың өрт орын алды. ТЖ аймағынан құтқарушылар 8 мың азаматты құтқарады, 20 мыңнан астам адамды эвакуациялайды, 4,5 мың зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі.

2020 жылдың басынан бастап құтқару бөлімшелері өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарына 53 мың шығуды жүзеге асырды, 11 мың адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 14 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 3 мың зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Ширек ғасырда елдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді, бұл заңнаманы қабылдау, төтенше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объектілер салу, құтқару және өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын сатып алу, Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қызмет өткеру жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт сөндіру-құтқару спорты мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Мәселен, 1,5 мыңнан астам түрлі техника мен 20 мыңнан астам өрт-құтқару жабдығы мен жарақтары сатып алынды. 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясы салынды.

Өрт сөндірушілердің жалақысы 20%-дан 65%-ға өсті. Азаматтық қорғау органдарының 19 мыңнан астам қызметкерінің лауазымдық жалақысы көтерілді.

Көкшетау техникалық институты 5 мыңнан астам маман даярлау шығарды, олар еліміздің азаматтары мен аумағын табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғап, күні-түні  қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша бірегей құрылыстар салынды, бұл «Сырдария өзеніндегі су тасқынына қарсы Көксарай су реттегіші» және «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суынан қорғау». Бұл стратегиялық жобалар Қазақстанның оңтүстік бөлігі мен Астананы су басудан құтқарады.

Алматы облысында сел тасқынынан қорғауды қамтамасыз ету үшін Қорғас өзенінде шартты түрде Қорғас-1 және Қорғас-2 деп аталатын екі жоба іске асырылуда. Селден қорғау кешенінің негізгі элементі сел ұстайтын Шүкірбұлақ (Алмалы) бөгеті болып табылады, оның бір бөлігі Қытай Халық Республикасының аумағында орналасатын болады.

Алматы қаласында «Ақсай» шатқалында және Ақсай өзенінің «Аюсай» бассейнінде сел ұстайтын бөгеттер салу жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында 31 халықаралық келісім жасалды.

Қазақстан ТЖМ БҰҰ бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде жемісті ынтымақтастық жасайды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі